Оралда әскерилердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Теги:
222

Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлім әскери қызметшілерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өткізіп, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлады.  

Жаңа жылдық шыршада әскерилердің балалары әр түрлі ойындар – ойнап, билер – билеп және өздерінің дайындап келген тақпақтарын айтты. Шараға жиналған бүлдіршіндердің барлығы бірдей Аяз ата мен Ақшақарды қуана қарсы алып тақпақтар мен әндерін айтып, өз өнерлерін көрсетіп жаңа жылдық шыршаны көңілді өткізді

Бүлдіршіндердің ерекше өнерлеріне куә болған бөлім командирінің орынбасары подполковник Жәнібек Сарсенов шара барысында сөз алып бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

Сіздерді, ертегілер әлеміне еліктірер қызыққа толы ең ғажайып мерекелердің бірі 2023 Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймы. Сіздердің ата – аналарыңыз үшін жүздеріңізден нұр шашып, бар ықластарыңызбен қуанғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ. Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында өздеріңіздей бүлдіршіндер шырша шамын жағып мерекені көтеріңкі көңіл – күймен қарсы  алуда. Сондықтанда бүгінгі ұйымдастырылып отырған шара естеріңізде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін деді, – өз құттықтауында.

Салтанатты шарада балалар  Жаңа жылдың басты сәні жасыл шыршаны айналып шаттық пен қуанышқа бөленіп, мерекелік қойылымдарды тамашалады.
Осылайша шараға әртүрлі киім үлгісін киіп келген балалар, көтеріңкі көңіл күймен ертегілер еліне саяхаттады. 

Шара соңында Аяз ата  мен Ақшақар бүлдіршіндерге сыйлықтарын тарту етті.   

   

Ертуған Әубакир

Алдыңғы пост
Астаналық жігіт өзінің бұрынғы көлігін ұрлап кеткен
Келесі пост
Ақшадан қысылған ер кісі сұлулық салонына ұрлыққа түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu