Шымкенттен Түркістанға есірткі тасымалдап келген әйелге сот үкімі шықты

Теги: , ,
382

Шымкенттен Түркістан қаласына есірткі тасымалдап келген 54 жастағы әйел 10 жылға сотталды.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер Шымкенттегі Қаратау ауданы көшелерінің бірінде есірткі курьерін ұстаған болатын. Жедел уәкілдер әйелден белгісіз зат салынған 40 полиэтилен пакетін тәркілеген. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені анықталды.

Тергеу барысында Түркістан облысының 1969 жылы дүниеге келген тұрғыны Telegram арнасы арқылы жұмыс іздегені белгілі болды. Нәтижесінде ол интернетте оңай әрі жылдам ақша табуды ұсынған белгісіз біреумен танысады. Төрт ай бойы ауыл тұрғыны Түркістан қаласына есірткі тасымалдаумен және қойып кетумен айналысқан. Ол Telegram арқылы берілген нұсқауды орындап, жұмыс ақысын электронды түрде алып отырған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша жүргізілді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 54 жастағы әйелге үкім оқылды. Сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа режимдегі колонияда өтейтін болды.

Алдыңғы пост
Нұрлан имам әскерилермен кездесті
Келесі пост
Мәңгілік сапта

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu