Қазақстанға келуші туристер саны артты

Теги: ,
447

Биыл Қазақстанға келген туристер саны артты. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды.

Мәселен, 2023 жылдың І тоқсанында Қазақстанды туристік орын ретінде 1,1 миллион адам таңдаған. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,9 есе көп (2022 жылғы қаңтар-наурыз – 293,2 мың адам). Ал шетелге 1,4 млн қазақстандық шыққан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66%- ға көп (2022 жылғы қаңтар-наурыз – 845,2 мың адам).

Ел ішінде биылғы алғашқы үш ай ішінде 1,3 млн адам демалған (2022 жылы – 1,1 млн адам).

Орналастыру орындарының саны 3 848 бірлікті құрады, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 92-ге өсті. Бұл ретте қызмет көрсетілген демалушылар саны 1,5 млн адамды құрады. Курорттық аймақтарда 703 мыңнан астам адам демалды.
Қаңтар-наурызда орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 43,1 млрд теңгені құрады. Бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,8%-ға артық.
Айта кетейік, Қазақстанда 5 жұлдызды рейтингі бар 25 орын бар, олар бірінші тоқсанда 173 мың қонақ қабылдаған.

Алдыңғы пост
Шетелдік азаматтардың қазақ тілін үйренуге құлшынысы зор
Келесі пост
Шымкентте оқушылар сарайының құрылысы аяқталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu