363
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда сайты жазды.
47 жастағы Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылдың шідесінде тағайындалған болатын. Енді оның орнына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Динара Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.