Алматыда ауруханада жатқан 3 науқастан АИТВ инфекциясы анықталды

Теги: , , ,
424

Алматыда орталық клиникалық ауруханасында жатқан 3 науқастан адамның иммундық тапшылық вирусы анықталды. Бұл ақпаратты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар растады.

АИТВ (ВИЧ) инфекциясына шалдыққан науқастарды қалалық ЖИТС орталығының мамандары анықтаған.

“Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 20.10.2020 жылғы №140 бұйрығына сәйкес, реанимация бөлімшесінде гемотрансфузия алған пациенттер 30 күннен кейін АИТВ-инфекциясына бақылау талдауынан өтуі тиіс. Алматы қаласының ЖИТС орталығының мамандары Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасында АИТВ расталған үш жағдайды анықтады”, – делінген хабарламада.

Басқарма мәліметінше, анықталған фактілер негізінде 2 маусымда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мен ЖИТС орталығы қызметкерлерінің төрағалығымен комиссия құрылған. Комиссия АИТВ инфекциясының берілу көздерін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізген, яғни донорлар, медицина қызметкерлері және байланыс тұлғалары тексерілген. Нәтижесінде комиссия тексерілгендердің барлығынан теріс нәтиже шыққан.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 13 маусымда комиссия қорытындысын Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тапсырды. 2023 жылдың 14 маусымында СЭБД  Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандарын тарта отырып, орталық клиникалық аурухананы жоспардан тыс тексеруге бастамашы болды. Айта кетейік, тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайды.

Алдыңғы пост
Шымкентте үш көлік соғысып, біреуі түгі қалмай өртеніп кетті
Келесі пост
Шымкентте 700-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu