Дональд Трамп 88% АҚШ – тың келесі президенті болуы мүмкін

85

АҚШ-та елдің 47-президентін тағайындау үшін сайлау өтіп жатыр. Тhe New York Times басылымының мәліметіне сәйкес, Трамп қазірдің өзінде Харристен басым болып отыр. Десе де, бұл болжам әлі де өзгеруі мүмкін.

Қазіргі таңда, 30-ға жуық штатта дауыс беру аяқталды. Алдын ала есеп бойынша 9 штатта демократтар үміткері Камала Харрис жеңсе, қалған 18 штатта Дональд Трамп алда келеді.

Алда әлі 23 штаттың алдын ала қорытындысы шығуы қажет. Ең кем дегенде 270 сайлау коллегиясының дауысын жинау қажет. Fox телеарнасының есептеулеріне сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы мемлекет басшысына 178 сайлаушы дауыс берген, ал оның қарсыласы демократ Камала Харриске — 113 адам дауыс берген.

Айта кетейік, бұл – ел тарихындағы 60-шы президент сайлауы, онда 47-ші президент сайланады.

Алдағы сайлауда америкалықтар жаңа президентті ғана емес, сондай-ақ вице-президентті, Конгресстің 468 мүшесін, 11 штаттың губернаторларын және жергілікті билік органдарына өкілдерді де таңдайды.

Алдыңғы пост
9 мың арнайы педагог мүгедек балалармен жұмыс істейді
Келесі пост
Биньямин Нетаньяху елдің қорғаныс министрі Йоав Галантты қызметінен босатты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu