Шымкентте «Іскер қала» бағдарламасы аясында 153 жоба қолдау тапты

401

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның алдағы экономикалық-әлеуметтік және саяси бағытындағы даму жолын белгілеп берген болатын.

«Ең алдымен еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет. Экономикалық саясатымыздың мақсаты айқын. Бұл заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту» деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Осыған орай, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ауқымды қолдау көрсетілуде. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 17,9 млрд. теңге бөлініп, жыл басынан 3 176  жобаға 7,9 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді.

Жыл басынан бері қалада кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Іскер қала» бағдарламасы аясында 153 жобаға 412 млн. теңгенің қолдауы көрсетілді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

Бағдарламада жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін  дамыту мақсатында 1  пайыздық мөлшермен 10 млн. теңгеге дейін несиелендіру,  өндіріске бағытталған 2 пайыздық мөлшермен 50 млн. теңгеге дейін несие беру қарастырылған.

Сондай-ақ жергілікті бюджеттен шағын кәсіпорындардың өнеркәсіптік парктердегі үш жылдық жалдау ақысының шығындарын  25-75% дейін  өтеу тетігі де қамтылған.

«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 33 мыңға жуық  кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға қолдау көрсетілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде, бүгінге қалада белсенді кәсіпкерлік нысандар саны 124 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға артты.

Естеріңізде болса, ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласына жұмыс сапармен келген болатын. Сол мезетте  «Стандарт» жекеменшік индустриялды аймағында орналасқан «Standard Steel KZ» компаниясының қалдықтарды қайта өңдеу арқылы түсті металдар консентратын өндіруге бағытталған кәсіпорынның жұмысымен танысқан болатын.

Іс сапар барысында «Іскер қала» бағдарламасына нақты тоқталыпөкен еді. Сөзінде, кәсіпкерлерге 50 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер ұсынылатынын жеткізген.

–Бүгінде мемлекет өнеркәсіпті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударып отыр. Бұл бағытта бірнеше ұлттық жобалар қабылданып, бүгінде нәтижелі орындалуда. Ал, Шымкент қаласындағы «Іскер қала» өңірлік бағдарламасындағы қолдау тетіктері кәсіпкерлер үшін тиімді. Ұлттық экономика министрлігі бұл тәжірибені зерттеп, бүкіл республикаға тарату мүмкіндігін қарастыруы тиіс, — деді Премьер-министр.

Алдыңғы пост
Шымкентте соңғы 5 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі екі есеге артқан
Келесі пост
Абайдағы өрт. Қаза тапқандардың отбасыларына пәтер кілттері табысталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu