Абайдағы өрт. Қаза тапқандардың отбасыларына пәтер кілттері табысталды

Теги: , ,
237

Абай облысындағы орман өрті кезінде қаза тапқан 14 орманшы мен тракторшы Сергей Архиповтың отбасына Семей қаласы «Қарағайлы» шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

Бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды.

«Өртте зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгін біз тапсыратын жаңа пәтерлер барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Біз қосымша көмек көрсетуді жалғастырамыз», – деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік,  алапат өрт кезінде қайтыс болғандардың отбасыларына 7 млн теңге, сондай-ақ, қосымша әр балаға 2 млн теңге төленеді. Көмекке асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ жайластырылған тұрғын үй беру кіреді. Сонымен қатар, қайтыс болғандар мен олардың отбасыларының несие жүктемесіне ықтимал есептен шығару үшін талдау жасалады.

Еске салсақ, 8 маусымда Семей орманында өрт шықты.  Алапат өрттің ауқымына байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Мамандар тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр.

Орман өрті Успен, Поднебесное, Барышевка ауылдарына қауіп төндіретіндіктен ондағы тұрғындар жедел түрде эвакуацияланды.

«Семей орманы» резерватында болған ірі орман өртін жою кезінде Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілген. Кейінірек олардың қаза тапқаны белгілі болып, көз жұмған орманшылардың тізімі жарияланды.

Алдыңғы пост
Шымкентте «Іскер қала» бағдарламасы аясында 153 жоба қолдау тапты
Келесі пост
Борышын абыроймен өтеген сарбаздар үйіне қайтты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu