Түркістандық тұрғын ішімдік ішемін деп 500 мың теңгесінен айырылды

Теги: , ,
444

Түркістанда ер кісі бұрын-соңды танымайтын әйел адамымен ішімдік ішіп, бар ақшасынан айырылды.

Жәбірленуші қалалық полиция басқармасына арызданып, жеке есепшотынан ақша ұрланғанын айтқан. Яғни, таныс емес әйел оның телефонындағы банктің мобильді қосымшасы арқылы 500 мың теңгесін жымқырған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Жан-жақты тексеру барысында тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Полиция хабарлауынша, күдікті әйел жәбірленушімен бірге ішімдік ішкен. Ақша аудару барысында оның құпия санын көріп алған. Содан кейін жәбірленушіден бір танысына хабарласып алу үшін ұялы телефонын сұрап, ақшасы өзіне аударып алған. Қазіргі уақытта аталған жайттарға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост
ДДСҰ басшысы қазақстандық ақ халаттыларға алғыс айтып, мерекемен құттықтады
Келесі пост
Балалар омбудсмені Түлкібастағы жазғы лагерьде болған жағдайға қатысты түсінік берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu