Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Теги: , ,
360

Алматы қалалық Полиция департаменті отандық әнші Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, өнер иесіне қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабында (Билік өкілін қорлау) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«Жақында полиция қызметкерлерімен есірткілік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған, МАӘС шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған азамат Алматы қаласы ПД-нің әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отыр. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оны әкімшілік қамауға алудан босатуға көрсеткіш жоқ» делінген мәліметте.

Еске салсақ, 14 маусымда Алматыда көлік тізгіндеген әншіні полицейлер ұстаған сәтінің видеосы тарады және ресми мәліметке сүйенсек, көлік жүргізуші полицейлерге бағынбай, қашпақ болған. Медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес көлік тізгіндеген жүргізушінің есірткіге мас екендігі белгілі болды. Сол күні өнер иесі әкімшілік жауапқа тартылды. Сот қаулысы бойынша ол  әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оны 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, оған 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, сот отырысында құқықбұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және өз ісіне өкініш білдірген.

 

Алдыңғы пост
Шымкентте 600-ден астам отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия алады
Келесі пост
Шымкентте курс аяқтаған 200-ден астам көпбалалы ана жеке кәсіппен айналысуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu