Шымкентте курс аяқтаған 200-ден астам көпбалалы ана жеке кәсіппен айналысуда

Теги: , ,
354

Шымкентте оқу курсын аяқтаған 200-ден астам көпбалалы ана жеке кәсіппен айналысып отыр. Олар бұған дейін аз қамтылған отбасылар санатында атаулы әлеуметтік көмек алып келген.

Әкімдіктің мәліметінше, көпбалалы аналар қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығында оқу курсын аяқтаған соң үй жағдайында түрлі кәсіппен айналысып, табыс табуда. Тіпті курстан өткен 60-тан астам қыз-келіншек сұлулық салонын, тігін шеберханасын, массаж кабинетін ашып, бүгінде тұрмыстарын түзеген.

Айта кетейік, “Бақытты жанұя” орталығында 14 тегін курс ұйымдастырылған. Бағдарлама қатысушылары дефектолог, логопед, массаж, киім пішу, тігу, құрақ құрау, кондитерлік, шаштараз, маникюр-педикюр, компьютерлік, SMM курстарынан өтуде. Оқу курстарынан кейін сертификат иелері жұмыспен қамту шараларына қатыстырылады. Сондай-ақ аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында орталықта ақпараттық, психологиялық, медиаторлық, құқықтық қызметтер де көрсетіледі. Мұнда Еqov.kz порталы арқылы көрсетілетін электронды қызмет түрлерін меңгеруге де жағдай жасалған.

Орталық мамандары қалалық тұрғын үй басқармасы және «Отбасы банк» АҚ қызметкерлерімен бірлесе 200-ден астам азаматшаның арнайы санаттар бойынша пәтер кезегіне тіркелуіне, 30-ға жуық отбасының мемлекеттік бағдарламалар аясында баспаналы болуына ұйытқы болған. Сондай-ақ орталықта жыл басынан бері өмірлік қиын жағдайға тап болған 800-ден астам азаматшаға психологиялық-құқықтық көмек көрсетілген.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте «Мүмкіндіктер алаңы» жәрмеңкесінде 5 мыңға жуық жұмыс орындары ұсынылғаны туралы хабарланды. Жұмыс іздеген азаматтарға медициналық, техникалық, жеңіл өнеркәсіп пен басқа да қызмет көрсету салалары бойынша уақытша және тұрақты жұмыс орындарына орналасу мүмкіндігі берілді.

Халықты жұмыспен қамтып, әл- ауқатын арттыру мақсатында биыл 57 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған болатын. Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту көзделіп, бүгінде 20 мыңға жуық адам қамтылған. Сондай-ақ, қалада іске асырылып отырған Ұлттық жобалар шеңберінде және жеке кәсіпкерлердің жеке бастамасымен «2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары» бойынша биыл 23 420 жұмыс орны (тұрақты – 22 044, уақытша – 1376) құрылады. Қазірдің өзінде 10 043 жұмыс орны ашылған.

Алдыңғы пост
Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Келесі пост
Шымкенттен келген дәрігер Алматыға ұшқан ұшақтың жолаушысын құтқарды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu