370
Скутер мінген зейнеткер жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйел азаматын қағып, қашып кеткен.
Оқиға Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр даңғылында болған.
Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында 73 жастағы қарияны анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 615-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.