Шымкент қаласы тұрғындардың жас ерекшелігіне байланысты ең жас өңірлер тізіміне енді. Жалпы еліміз бойынша қартаю индексі бір жыл ішінде 1,6 пунктке көтерілген.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда 2022 жылы қартаю индексі 28,2 құрады. Осылайша көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6 пайыздық тармаққа өсті (26,6 – 2021 ж.). Бұл дегеніміз 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс ШҚО-да – 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан – 56,3 және Қостанай облыстары – 48,9.
Ал халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы, соңғы 10 жылдан бері онда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Бұл өңірде 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді. Сондай-ақ қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 және Шымкент қаласында –11,7.
Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5.