Шымкентте жалғызбасты қарттарға қалай қамқорлық жасалады?

205

Шымкентте жалғызбасты қарттар мемлекеттің қамқорлығында. Қарт адамдарға көмек көрсету үшін № 10 арнайы әлеуметтік қызметтер орталығы жұмысын бастады. Бүгінгі таңда қарттар үйінде 30 қарт адам тұрады, оның ішінде мүгедектігі бар бес зейнеткерлер арнайы күтімді қажет етеді.

50 адамға арналған стационарлық мекемеде жеті бағыт бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетіледі: тұрмыстық, медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық көмек, қарттардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру және еңбек терапиясы. Бұл шаралардың барлығы егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Кең және жайлы ғимаратта асхана, массаж бөлмесі, бассейн, емдеу-оңалту жабдықтары, монша, кір жуатын орын бар. Шымкент аумағында орналасқан бұрынғы қарттар үйі Түркістан облысының балансында қалды.

Медициналық-әлеуметтік мекеме мұндай адамдардың күтіміне, тұрмыстық және медициналық көмекке мұқтаж қарттардың тұрақты тұруына және олардың әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне арналған.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы, “ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының төрағасы, Тұран ауданының бас имамы, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі орталыққа барып, зейнеткерлермен сөйлесіп, олардың өмір сүру жағдайларына қарады.

“Өмірде бәрі болады, қарттарға қамқорлық жасау-біздің басты міндетіміз. Біз олардың проблемаларын, қажеттіліктерін естіп, құрмет пен қамқорлық танытып, өмірдің барлық салаларында барынша көмектесе білуіміз керек. Орталық мамандарына сезімталдық, мейірімділік пен түсіністік тілеймін. Біздің басқарма бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды, біз әрқашан сіздің тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды тыңдауға және көмектесуге дайынбыз”, – деп атап өтті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Бүгінгі таңда, статистикалық мәліметке сәйкес, 20,7 мың зейнеткер қазақстандық қарттар үйінде тұрады. Мұндай үйлердің көпшілігі Шығыс Қазақстан (2787 орындық 17 үй), Қарағанды (2527 орындық 11 үй) және Батыс Қазақстан облыстарында (1294 орындық 11 үй) екені анықталды. Елдің басқа аймақтарында осы жағдай бойынша  талдау жүргізілген. Ол жақта  2-ден 6-ға дейін  ғана қарттар мен мүгедектер үйлері бар

Алдыңғы пост
Шымкент қаласы халқы ең жас өңірлер тізіміне кірді
Келесі пост
Тұранда жаңа спорт, ойын алаңшалары пайда болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu