Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгиромет» РМК сайтындағы мәліметке сүйенсек, сенбі мен жексенбі күндері елімізде тұрақсыз ауа райы күтілуде.
Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының тұрақсыз ауа-райының сипатын атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтайтын болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қатты жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
«26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болады. 26 маусымда түнде еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады деп күтілуде. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді» делінген мәліметте.
Ал Шымкентте 24 маусымда ауа температурасы 30-32 градус ыстық болады. 25 маусымда найзағай ойнап, сынап бағанасы +29 мен +31-ге жетуі ықтимал.