Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті

100

Қазақстан мен Түркия президенттері бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке тіледі.

Мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға қос тарап әрдайым дайын екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты қолдаудың өзектілігі айтылды.

Бұдан бөлек, президенттер көпжақты форматтағы тығыз ықпалдастықты жалғастырудың маңызды екеніне тоқталып, халықаралық ұйымдар аясындағы алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкіміне қандай тапсырма жүктеді?
Келесі пост
Әкімдіктің лауазымды тұлғалары және кәсіпкер парақорлық үшін сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu