Балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңгені жымқырған

Теги: , , ,
386

Абай облысындағы балалар үйінің басшылығы бюджет қаржысын қалтаға басып келген.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Үржар ауданының прокуратурасы Науалы балалар үйінің әкімшілігі қызметкерлерінің бюджет қаражатын 6 миллион теңгеден астам сомаға ұрлау фактісін анықтады.

Балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төлеген. Жоғары сыйлықақылар мен іссапар шығындарын тізімдеген. Жымқыру деректері штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық пайда болған. Сонымен қатар, “өлі жандар” деп аталатын жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленіп келген.

«Балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекетке залал келтірілді. Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды» делінген Бас прокуратура мәліметінде.

Алдыңғы пост
Тұранда жаңа спорт, ойын алаңшалары пайда болды
Келесі пост
Шымкенттік журналистер өздерін өрт сөндіруші ретінде сезініп көрді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu