Адырбеков көшесінің құрылысы 76 пайызға орындалған

99

Қазіргі таңда Адырбеков көшесінің қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәделі Қожа мен Жібек жолы көшелері аралығында  аяқжолдар, ирригациялық латок орнату, жер төсемін дайындау жұмыстары атқарылуда.

Осы жұмыстардың барысын қадағалаған қала әкімі М.Әйтенов бүгін нысанда болып, жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Жоба бойынша,  жалпы ұзындығы 3,74 шақырымдық жол Алдияров көшесінен Т.Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.Ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тротуар, жарық шамдар көзделген.

Құрылыс жұмыстары 76% пайызға орындалды. Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталып пайдалануға беру жоспарланған. М.Дүйсенбекұлы жол негіздерін салуда кедергісін келтіретін байланыс жүйелерін қайта қосудағы өзекті мәселені жауаптылармен бірге шешуді тапсырды. Сондай-ақ нысанды уақытылы қолданысқа беріп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жолды ашуды ұйымдастыруды тапсырды.

Шымкентте биыл жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 300-ге жуық көше орташа жөндеуден өтеді. Құрылыс жұмыстары 202,6 шақырымға жүргізіледі.  Қазір қала аумағындағы 26 көшеге асфальт төселуде.

   

Асфальттеу жұмыстары  Агропром шағынауданындағы Алтынтөбе, Құрсай шағынауданындағы Бекболатов және №1,2,3,4,5,6 көшелерде,  Айнатас тұрғын алабында Шоқтас және Боғылысай, Асар-2 шағынауданында Күншоғыр және №1,2,3 көшелерде, Ақжайық шағынауданында Шұбарсу, Сәдуақасов, Алпысбаев көшелерінде,  Қызылжар шағынауданында Маралды көшесінде, Орманшы тұрғын алабындағы Алатау және Қажымұқан, 1,2 көшелерде, Базарқақпа тұрғын алабында Алай көшесінде аяқталды.  Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жоспарға енгізілген барлық көшеде жалғасады.

Енді жарықтандыру жұмыстарына келспек. Мәселен,  Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің  472 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде 2020 жылы 220 көше жарықтандырылса, 2021 жылы жоба аясында 137 көше жарықтандырылып, жарықпен қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 48 %-ға өсті.

Ал 2022 жылы 115 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 48 %-ден 63 %-ға өсті. Сондай-ақ, 2023 жылы 104 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда, 6 айдың қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттамалар толық әзірленіп, 49 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Қонаев даңғылы: бадам өзенінен өтетін көпір саттарханов көшесіне жалғасуда
Келесі пост
2024-2028 жылдарға болжам: шымкентте өңірлік өнім көлемінің өсімі 4 пайызға жетеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu