Шымкентте құрбандық шалатын орындар белгіленді

Теги: ,
368

Шымкентте құрбандық шалатын орындар белгіленді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Қаладағы барлық мешітте 28 маусым таңғы сағат 6.30-да «Айт намазы» оқылады. Мереке күні  бекітілген мал сою орындарында сағат 08:00-ден бастап құрбандық шалу дәстүрі жүзеге асырылады. Осыған орай,  Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы адам мен жануарларға ортақ, аса жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау, қорғау мақсатында тиісті тәртіпке назар аударуды талап етеді.
Құрбандыққа шалатын малдың бірдейленуі, яғни, құлақ жапсырмаларының болуы, АШЖБ тіркеуде болуы тиіс. Құрбандық малының №1 нысанды ветеринариялық анықтамасы міндеттеліп, тек бекітілген орындарда сойылуы қажет. Сонымен қатар, алынған етті балалар үйіне, балабақшаға, ауруханаға, мешіттерге өткізген жағдайда №2 нысанды ветеринариялық анықтамасының болуы және тасымалдау барысында арнайы температуралық режимі сақталған көлікпен тасымалдануы тиіс.
Қала аумағында мал союға арналған 3 орын бекітілді. Олар:

1. «Замин» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабына қарасты А-Темур көшесі н/з. Байланыс телефоны: 8775 930 64 44
2. «Халал Қассаб» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бозарық- 3 тұрғын алабы №1989 учаске. Байланыс телефоны: 8701 392 83 09
3. «Байтерек Агро» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Махмут ата көшесі №72 учаске. Байланыс телефоны: 8778 122 31 11

Сондай-ақ онлайн режимде құрбан шалуға болады. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайты жұмыс істейді.

Айта кетейік, Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін діни мейрам.  Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Биыл Құрбан айт 28, 29, 30 маусым күндері аталып өтеді.

Ораза айт намазында таңертең мешітке барар алдында үйден құрма секілді тағамдардан дәм татып шыққан абзал болса, Құрбан айтта керісінше, нәр татпай шыққан дұрыс. Өйткені Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сол күнгі оразасын жаңа сойылған құрбан етімен ашқанды құп санаған. Айт намазынан кейін шамасы келетін мұсылмандар Алланың разылығы үшін құрбандық шалады. Оның етін тұрмысы төмен отбасыларға таратады. Садақа береді.

Алдыңғы пост
Жас жігіттен үнсіздік үшін 1 млн-ға жуық теңге бопсалағандар ұсталды
Келесі пост
Шымкент полициясына бір аптада 9 мыңнан астам қоңырау келіп түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu