Шымкентте 10 мыңға жуық отбасы мемлекеттің қолдауына ие

298

Мемлекет аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында көрсететін атаулы әлеуметтік көмекті өткен жылдың бірінші тоқсанында 11 988 отбасы алды. Үшінші мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, отбасы табысының ұлғаюына, халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға және өз ісін ашуға байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушылар биыл 21,3% – ға төмендеді. Осылайша, 9,5 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.

6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Әр балаға 5 175 теңге қолма-қол төленеді.

Биыл екінші тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде кедейлік шегі белгіленді, яғни 31 908 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметті алу үшін:

1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін).

2. Кандастың мәртебесі туралы.

3. Босқын мәртебесі туралы.

4. Шетелдіктің мәртебесі туралы.

5. Азаматтығы жоқ адамның мәртебесі туралы.

6. Отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелу туралы.

7. Жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк деректемелері туралы.

8. Мүгедектікті белгілеу туралы.

9. Баланың тууын (өлімін) тіркеу туралы (барлық балаларға).

10. Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы.

11. Бала асырап алу туралы.

12. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Неке (ерлі-зайыптылық) тіркелген жағдайларды қоспағанда, Неке (ерлі-зайыптылық) жасасуды (бұзуды) тіркеу туралы.

13. Оқу орнында оқу фактісі туралы-егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндізгі бөлімде оқитын болса.

14. Кірістер туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен кірістер).

15. Жеке кәсіпкердің мәртебесі туралы.

16. Өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы.

17. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы.

18. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (Бар болса).

19. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы.

20. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы қатарынан үш ай ішінде алименттер және (немесе) олар бойынша берешектің болуы туралы.

21. Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы.

22. Меншігінде тұрғын үйдің, үй-жайлардың болуы туралы.

23. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің меншігінде болуы туралы.

24. Көлік құралының меншігінде болуы туралы.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде әкім немесе Орталық тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.

Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынады.

Өтініш берген кезде өтініш берушіге орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі.

Алдыңғы пост
Шардарада 90 келіден астам балық аулаған тұрғын полицейлерге оңбай ұсталды
Келесі пост
Шымкентте АӘК алушылар саны 21% – ға қысқарды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu