202
39 жастағы миллиардер Павел Дуровтың кінәсі дәлелденсе, кем дегенде 20 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін. Оған Telegram желісі арқылы есірткі тасымалы, терроризмді насихаттау, заңсыз қаржы айналдыру баптары бойынша айып тағылып отыр.
Француздық LCI жаңалықтар арнасының мәліметінше, ол елге Әзербайжаннан жеке бизнес-джет ұшағымен ұшып келген. Сол мезетте қолға түскен. Енді ол, Франция азаматы ретінде сот алдында жауап береді.
Айта кетейік, Павел Дуров орыс кәсіпкері, ВКонтакте, Telegram әлеуметтік желілерінің жасаушысы.
Естеріңіз де болса, күдікті деп танылған Павел бұған дейін елімізге келіп, ауыл балалары үшін IQanat мектебіне 356 000 долларға 12 грант бөлген болатын.