385
Шымкентте бетонға соғылған жүк көлігінің жүргізушісі қысылып қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» құтқару қызметіне куәгерлер хабарлаған.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, Темірлан тас жолы мен Алматы тас жолының қиылысында «Алаш» базарының алдындағы жер асты жүру жолын салу орнында «КАМАЗ» жүк көлігі абайсызда бетонға соғылғанын анықтады. Көлікке қысылып қалған 1989 жылы дүниеге келген жүргізушіні авариялық-құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтарымен шығарып алды. Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімдерінен 11 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.
Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болған. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.