Шымкентте жүк көлігі бетонға соғылып, жүргізуші қысылып қалды

Теги: , ,
252

Шымкентте бетонға соғылған жүк көлігінің жүргізушісі қысылып қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» құтқару қызметіне куәгерлер хабарлаған.  

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп,  Темірлан тас жолы мен Алматы тас жолының қиылысында «Алаш» базарының алдындағы жер асты жүру жолын салу орнында «КАМАЗ» жүк көлігі абайсызда бетонға соғылғанын анықтады. Көлікке қысылып қалған 1989 жылы дүниеге келген жүргізушіні  авариялық-құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтарымен шығарып алды. Авариялық-құтқару жұмыстарына  жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімдерінен 11 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болған. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Алдыңғы пост
“ҚазТрансГаз Аймақ” компаниясы Шымкентте газ құбырларын салу мен реконструкциялауға 2 323 505 000 теңге  жолдайды
Келесі пост
Тоқаев: Шетелден көлік әкелумен айналысатын қылмыстық схемаларға полицейлердің де қатысы бар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu