Тоқаев: Шетелден көлік әкелумен айналысатын қылмыстық схемаларға полицейлердің де қатысы бар

Теги: , , ,
364

Елімізге шетелден көлік әкелумен айналысатын қылмыстық схемаларға полицейлердің де қатысы бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде айтты.

Президенттің мәліметінше, ел  аумағына ретсіз әкелінген шетелдік көліктер  жолдағы жағдайды ушықтырып жіберді.  Олар тіркеусіз жүрді. Мұндай көліктерді тізгіндеген жүргізушілер жол жүру ережесін өрескел бұзды және көбіне жазасыз қалды.

«Қазір менің тапсырмам бойынша бұл көліктердің мәселесін құқықтық тұрғыда реттеу үшін заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, уәкілетті мемлекеттік органдардың үстірт шешімі осындай көліктердің елге жаппай әкелінуіне себепші болған. Енді мемлекет жіберілген олқылықтарды түзеуге мәжбүр болып отыр. Оның ішінде Ішкі істер министрлігінің де қателіктері бар.

«Бұдан бөлек, шетелдік көліктерді әкелумен және оны есепке қоюмен айналысатын қылмыстық схемалар пайда болды. Оған полиция қызметкерлерінің де қатысы бар. Әділетті әрі құқықтық мемлекетте бүкіл құқық қорғау жүйесінің атына кір келтіретін мұндай заңсыздықтарға жол берілмеуі керек. Сондықтан құқық қорғау органдары осы саладағы мамандармен және азаматтық белсенділермен бірлесіп, аталған мәселемен жан-жақты айналысуы қажет»,-деді Мемлекет басшысы.

Алдыңғы пост
Шымкентте жүк көлігі бетонға соғылып, жүргізуші қысылып қалды
Келесі пост
Түркістан облысы демалыс саябақтары көп өңірлер көшін бастады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu