Алаяқтың құрбаны болған Шымкент тұрғыны дереу полицияға арызданған. Мамандандырылған ХҚКО-да танысқан азамат оны алдап кеткен.
Арызданушының айтуынша, ол Халыққа қызмет көрсету орталығына өзінің шетелдік көлігін заңдастыру үшін барған. Дәл сол жерде оған белгісіз біреу келіп, әңгімеге тартқан. Көлік иесін өзіне осы қызметке тапсырыс беруге көндірген. Күдікті өз қызметі үшін ер адамнан 220 мың теңге алып, біраз уақыттан кейін қоңырауларға мүлдем жауап бермей қойған.
«Алаяқтық жайты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркелді. Күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Оған ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктінің кінәсі туралы айғақтар жиналды. Жақын арада жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жіберіледі», – деді Абай аудандық ПБ-ның анықтаушысы Бекзат Сүгір.