Сарбаз аналары комитетінің өкілі Ұлттық ұланның әскери бөлімінде болды

258

Алматы қалалық сарбаздар аналары комитеті қоғамдық бірлестігінің өкілі Татьяна Тропина «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 7552 және 3650 әскери бөлімдерінде болды. Ол Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас жауынгерлердің тұрмыстық жағдайымен танысты.

Татьяна Тропина ең алдымен әскери бөлімнің әл-ауқатына, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің тұрмыстық және моральдық-психологиялық жағдайына үңілді.

Аналар комитеті өкілін күтіп алған бөлімнің командирлері, құқықтық тәртіп әскерінің қазіргі жағдайы мен әскери қызметшілердің атқарып жатқан қызметтері туралы егжей-тегжейлі баяндап, күрделі мәселелердің жоқтығын тілге тиек етті.    

Сапар барысында Татьяна Тропина бөлімнің азық-түлікті сақтау тәртібін және олардың жарамдылық мерзімін қарап, медициналық пунктті аралады. Онда медициналық персоналдың жұмысымен, мерзімді қызметтегі сарбаздардың медициналық көмекке жүгіну журналындағы жазбалармен де танысты.Сонымен қатар, сарбаздар асханасына барып тағамның нормаларын көріп, сарбаздардың тамақтану тәртібіне назар салды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс аясында сарбаздардың аналары комитеті бөлім басшылығымен бірлесіп мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілер мен ата-аналар арасында байланыс орнатып, әскери ортадағы туындаған мәселелерді шешу бойынша ұдайы шаралар қабылдайтынын айта кету керек.

Кездесуде Татьяна Геннадьевна аналар комтетінін алға қойған мақсаты мен алдағы атқарар жұмыстары туралы тарқатып айтты. Оған қоса ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әскери саланың негізгі жетістігі мен нәтижелері туралы сөз қозғады.

Сапар соңында, бөлімге енді ғана аяқ басқан жас србаздармен дидарласып алдағы атқарар қызметтеріне табыс тіледі.

– Ата-аналар Отан алдындағы борышын өтеп жүрген балалары үшін алаңдайтыны жасырын емес. Сондықтан бүгін әскери бөлімдегі казармаларды, сарбаздар асханасын, жуыну орындарын және әскери лазаретті араладым. Мұндағы сарбаздар үшін бар жағдай жасалғанына көзім жетті. Сарбаздардың жататын жері жылы, әрі онда тазалық үнемі сақталатыны көрініп тұр. Жас сарбаздармен сөйлестім, олар өте белсенді. Әскерге өз ерітерімен келгендерін, денсаулықтарына шағымы жоқтығын айтты. Әлі ант қабылдап үлгермесе де болашақта келісімшарт бойынша қызметте қалуға ниетті екендіктерін жеткізді, – деді Татяна Тропина.

7552, 3650 әскери бөлімдерінің басшылығы келген қонақтарға ынтымақтастықты одан әрі нығайту және әскери қызметке деген сенімді арттыру ісінде табыс тіледі. Әрі алдағы уақытта бірлесіп қызмет атқарудың өз жалғасын табатынына сенім білдірді.

Алдыңғы пост
Көлігін заңдастыруға барған шымкенттік оңбай алданды
Келесі пост
Жұмыс уақытында денсаулығы күрт нашарлаған әкім қызметінен босатылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu