368
Осыдан шамамен 1,5 ай бұрын жұмыс орнында денсаулығы кенеттен нашарлап, ауруханаға жеткізілген Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев қызметінен босатылды.
38 жастағы шенеунік бұл қызметке өткен жылдың 4 наурызында тағайындалған болатын.
Еке салсақ, бұған дейін Әсет Масабаевтың қан қысымы көтеріліп, жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат шықты. Кейінірек әкімдіктің баспасөз қызметі бұл жайтты растады және шенеуніктің жағдайы бірқалыпты екенін, палатаға ауыстырылғанын хабарлады.