Шымкент: ретсіз саудамен айналысқан азаматтарға базардан бос орындар ұсынылды

600

Шымкент қаласының аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардағы ретсіз сауда-саттықты жою мақсатында тиісті жұмыстар жылдар бойы жүргізіліп келеді.  Яғни, ретсіз сауда иелерін заманауи талаптарға сай қалпына келтірілген сауда орындарына орналастыруға тиісті нұсқауда беріліп келеді. Десе де, нәпақасын табуға тырысқан жандар бағынбаушылық танытып, жабайы сауда орындарында жұмыс жасап келеді.  Осыған орай, қала әкімдігі тарапынан арнайы комиссия құрылды. Тіпті, қала әкімінің бастамасымен арнайы жиын өтті.

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаладағы ретсіз сауда орындарын жоюға қатысты арнайы жиын өтті. Қала көркі мен тәртібіне нұқсан келтіріп тұрған заңсыз сауда қатарларын ретке келтіру мақсатында әр ауданда жұмысшы топ құрамы бекітілген. Мұндағы комиссия шешіміне сәйкес рейдтік іс шаралар жүргізіліп, заңсыз нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Мұрат Дүйсенбекұлы аталған жиын барысында әр аудан бойынша ретсіз сауда орындарын болдырмау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Мәселен, қала бойынша 1 500-ге жуық заңсыз сауда орындары анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасаған тұлғаларға 1125 әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, 200-ден аса кәсіпкерге айыппұл салынып, 5 млн-ға жуық айып суммасы өндірілген.

Нақтырақ айтсақ, заңсыз әрі ретсіз сауда қатары қаланың базарларында («Қырғы базар», «Жабық базар», «Авто Нұр», «Жібек жолы») жиі кездеседі.

Сондықтан базар айналасындағы ретсіз сауда жасаған тұлғаларға аудан аумағында ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелерде сауда жасауға ұсыныс берілуде. Сонымен қатар ескерту берілген азаматтарға алдағы уақытта базар ішінен сауда орындарын тауып жайғастыру бойынша жұмыстар жүргізілген. Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос вакансиялардың арқасында тұрақты жұмысқа орналасқан тұрғындар да бар. Яғни, кейбір жабайы сауда жасаған саудагерлерде, екі қолға бір күрек таба алды.

Ретсіз сауданы ретке келтіру мақсатында әлі де жұмыстар атқарыла бермек. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қала тазалығын сақтау және абаттандыру үшін ең алдымен көшелердегі бей-берекет орналасқан сауда нүктелерін болдырмауды қолға алып, тиісті шара көруді, барынша қаланың даму жолында жауапкершілік танытуды тапсырды.

Алдыңғы пост
Шымкент полициясы интернет алаяқтардан сақтану жолдарын айтып берді
Келесі пост
Инвест штабта 10 ірі инвестициялық жоба жұмыстары талқыланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu