395
Шымкентте ойын ойнап жүрген бүлдіршіннің саусағы темір қақпаққа қысылып қалды. Бұл туралы құтқарушыларға 2 шілдеде сағат 13:16-да қоңырау түскен.
Туыстары кішкентай қыз балаға шұғыл көмек көрсету туралы сұранған.
Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 3 жасар қыздың оң қолының саусағын металл қақпақтың саңылауына салып, оны ала алмағанын анықтады. Нәтижесінде құтқарушылар қолда бар құралдардың көмегімен баланың қысылып қалған саусағын шығарып алды. Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болмаған.