Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынды

Теги: , ,
230

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді. Ал экс-шенеуніктің жұбайы пара беруге оқталғаны үшін күдікті болып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметінше, антикоррупциялық қызмет тергеп жатқан қылмыстық істерді жедел сүйемелдеу аясында сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке араласуға бағытталған аса ауыр жемқорлық қылмыстар жасалынғаны анықталды.

Айталық, жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған  бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді. Ол аса ірі көлемде пара беруге оқталуы бойынша күдікті болып танылды. Cондай-ақ аталғандардың мүдделерін қорғауды жүзеге асырған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды.

А. Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған. Тергеу амалдары барысында 255 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражат тәркіленді. Қалған соманы ол өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды.

Экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Еске салсақ, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Шымкентте 3 жасар қыздың қолы темір қақпаққа қысылып қалды
Келесі пост
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру аяқталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu