Шымкент жастары Домбыра күнін ұлан-асыр атап өтті

Теги: , ,
430

Шымкент жастары Ұлттық домбыра күнін кеңінен атап өтті. Қаладағы Арбат демалыс аймағында «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы бірлесе ұйымдастыруымен «Dombyra party» өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қазіргі сәнге айналдыру және қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш ету.

«Dombyra party»-ге Шымкент қаласы «Miras» кеңесінің мүшелері, Шымкент қаласы «Жастарды қолдау» кеңесінің мүшелері, Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, Саз колледжінің оқытушылары, мектеп оқушылары, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері, Падишах және Балдаурен би топтары қатысты.

Ұлы мұрамызды ұлықтайтын іс-шараға 50-ден аса жас күйші қатысып, домбырада түрлі күйлер мен әуезді әндерді орындады. Шара соңында домбырашыларға Алғыс хаттар мен домбыра мүсіндері естелікке табысталды.

Күні кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

“Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз”, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, елімізде жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Домбыра күні атап өтіледі. 2018 жылдың 13 маусымында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні ретінде белгілеу туралы Президент Жарлығы жарық көрді. Сол жылы айдың алғашқы жексенбісі 1 шілдеге дөп келіп, Астананың «Қазақ Елі» монументі алдында жиналған екі мыңнан астам музыкант «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» күйлерін орындаған еді.

Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде еліміз бойынша ұлттық мереке құрметіне орай концерттер мен мерекелік шаралар өтеді.

Алдыңғы пост
Сессияда қаланың бас жоспары мақұлданды
Келесі пост
Мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu