Мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті

Теги: ,
225

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті. Бұл туралы заңгер Анна Чернова желі парақшасында жазды.

Қорғаныс министрлігіндегілер қатардағы жауынгердің қашып кеткенін растады.

«2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен. Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды» деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда аталмыш факт бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.

Еске салсақ, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматыда заңгер Анна Чернова мен оның күйеуін соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады.

Алдыңғы пост
Шымкент жастары Домбыра күнін ұлан-асыр атап өтті
Келесі пост
Шымкентте жас қыз өз-өзіне қол салмақ болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu