Мәслихат депутаты екі баланы қағып кетті

Теги: , ,
480

Қарағанды облысында аудандық мәслихат депутаты екі баланы қағып кетті. 33 жастағы халық қалаулысы Аманат партиясының Бұқар Жырау аудандық филиал төрайымы.

Бірқатар БАҚ беттерінде тараған ақпаратқа сүйенсек, депутат Анара Бозаева  Nissan көлігін тізгіндеген. Оқиға кеше, 2 шілдеде Бұқар Жырау ауданындағы «Ботақара-Доскей» тасжолында болған.

Депутат жолдан өтіп бара жатқан малға соғылған. Кейін рөлге ие болмай, мотоциклді қағып кеткен. Онда кәмелет жасына толмаған екі бала болған. Оның бірі – 8 жаста.

«Апат салдарынан жасөспірімдер әртүрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі толық және объективті тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Алдыңғы пост
Шымкентте жас қыз өз-өзіне қол салмақ болды
Келесі пост
Түркістандық оқытушы қымыздан балмұздақ жасап шығарды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu