Шымкентте жас қыз өз-өзіне қол салмақ болды

Теги: , , ,
308

Шымкенттік бойжеткен көпқабатты тұрғын үй терезесінен секіріп кетпек болды. Абырой болғанда  полицейлер жас қызды құтқарып қалды.

Тұран аудандық ПБ-ның “102” арнасына қала тұрғынынан көпқабатты үйдің терезесінен белгісіз жас қыз секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция полкінің автоэкипажы жіберілді. Тәртіп сақшылары келген кезде жас қыз ғимараттың сыртқы қабырғасында орнатылған кондиционер блогында отырған.  Полиция инспекторлары оны секірмеуге үгіттеп, райынан қайтаруға тырысқан. Сол сәтте тәртіпп сақшысының бірі қолайлы сәтті пайдаланып, бойжеткенді пәтерге тартып кіргізген.

Polisia.kz жазуынша, қала тұрғыны зардап шеккен жоқ, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Белгілі болғандай, ол жеке мәселелеріне байланысты өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

«Қызмет барысында түрлі жағдайларға тап боламыз. Әрқашан азаматтарға көмектесуге және олардың қауіпсіздігін қорғауға басымдық береміз. Бүгін дер кезінде орын алуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алдық. Біз үшін бұл – ерлік емес, бұл – біздің жұмысымыз. Антқа адалдық дегеніміз – адамдарды қорғау және құтқару» – дейді полиция инспекторы Жүнісқожа Темірханұлы.

Алдыңғы пост
Мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті
Келесі пост
Мәслихат депутаты екі баланы қағып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu