Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен туристің денесі әлі табылмай жатыр

Теги: , ,
507

Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен ер кісінің денесін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы және Альпинизм федерациясынан 4 альпинист маманы іздеу жұмыстарына жіберілген.

Ауа-райының қолайсыздығы құтқару-іздестіру жұмыстарын қиындатып отыр екен. Өйткені тауда үздіксіз қар аралас жаңбыр, бұршақ жауған. Іздестіру аумағының бөліктері шамамен 70 градус бұрышты құрайтын биік шатқалдардан тұрады. Ал қар аралас жауын-шашын құтқарушылардың жоғары қарай көтерілуін қиындатуда.

Айта кетейік, 3 шілдеде Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында теңіз деңгейінен 4236 м биіктіктегі таудың басынан түсу кезінде 3 адамнан тұратын туристік топтың құрамындағы 1967 жылы дүниеге келген ер адамның арқаны үзіліп кеткен болатын. Салдарынан турист мұз үстімен домалап, еңіске қарай құлаған.

Алдыңғы пост
Шымкентте көлік нөмірін ауыстырып, айласын асырған жүргізуші оңбай ұсталды
Келесі пост
Түркістан облысында 9 адамнан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu