Түркістан облысында 9 адамнан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды

Теги: , ,
175

Түркістан облысында жыл басынан бері кене шағу жағдайымен 985 адам медициналық ұйымға жүгінген.

Бүгінгі таңда 48 науқас Конго-Қырым қанды безгегіне күдік тудырып, 9 науқастың диагнозы расталған. Олар: Сауран ауданында  – 2 жағдай, Ордабасы, Отырар, Төлеби, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласында 1 жағдайдан тіркелген. Бұл туралы Түркістан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы Түркістан облысы мал шаруашылығы дамыған өңір. Сондықтан  Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошағы болып табылады. Аса қауіпті жұқпалы инфекция адам ағзасына кененің шағуы арқылы енеді. Сондай-ақ, жануарларды күтіп баққан кезде,  жануарлардың және науқас адамдардың қанымен жұғуы мүмкін. Бұл ауруға көбіне малшылар, шопандар және мал күтімімен айналысатын, мал өнімдерімен жанасатын адамдар шалдығады.

Конго-Қырым қызбасы инфекциясының көзі мен табиғаттағы резервуары иксод кенелері. Әсіресе гиалома (Hyalomma) тұқымдасының кенелері ерекше кең тараған. Бұл  кенелердің түрлері барлық жерлерде кездеседі. Ауру маусымдық сипатқа ие. Негізінен мамыр-тамыз айларында көптеп тіркеледі.  Жыл сайын  ерте көктемнен бастап, кенелерге қарсы  күрес жұмыстары жүргізіледі. Соған қарамастан адамдар арасында кене шағу жағдайлары орын алуда.  Себебі кенелерді түпкілікті жойып жіберу мүмкін емес, әрі тұрғындар сақтық шараларына аса назар аудармайды.

Кене шаққан жағдайда не істеу керек?

– Кенені жалаңаш қолмен ұстамау керек. Өйткені жұқпалы ауру агенті шырышты қабықтар немесе терідегі зақымданған жерлер арқылы енуі мүмкін.

– Кенені алу үшін ұшы өткір пинцет қолдану ұсынылады. Пинцетті теріге жақындата отырып, онымен кенені іліп алу қажет. Пинцетті қатты қыспай (кенені мыжып тастамас үшін) шайқалтпай, ақырын тарту керек. Себебі кененің ауыз бөлігінің бөлініп, теріде қалып қоюы  мүмкін.

– Кене денеге бірден қадалмайды, сондықтан оны уақытылы алып тастау арқылы ауру жұқтырудың алдын алуға болады. Денеге кененің жабысқан немесе жабыспағанын білу  үшін әр адам өзін-өзі тексеріп немесе бірін-бірі қарап шыққаны маңызды.

– Кенені тартып алғаннан кейін шаққан жерді дезинфекциялайтын затпен спиртпен, йодпен өңдеп, қолды сабынмен жуу керек. Кенені мыжғыламау керек, себебі кененің ішінде және сұйықтығында патогендер болуы мүмкін.

– Алынған кенені ыдысқа салып, қақпақпен тығыздап жабу қажет. Кенеге керосин май, ацетон т.б сұйықтық құюға, оны теріден бөлу үшін кенені ысытуға болмайды.

Сіздің міндетіңіз кенені мүмкіндігінше алып тастап, уақыт жоғалтпай медициналық көмекке жүгіну.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен туристің денесі әлі табылмай жатыр
Келесі пост
Биыл 162 мың талапкер ҰБТ тапсырып, апелляцияға 50 мыңнан астам өтініш түскен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu