Алтынтөбе тұрғын алабында жол мәселесі келесі жылы толық шешімін табады

Теги: ,
339

Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 6 801 жеке секторлы үй, 2 мектеп, 3 балабақша және 3 спорт алаңшасы орналасқан.

Самал-3 шағын ауданында 63 көшенің қазір 30-ы асфальтталған, 30-ына шағал тас төселген болса, үшеуі топырақ жол. Айта кетейік, 2025 жылға қарай шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде.

Соның бірі, Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабының даму жоспарына сәйкес Сатқанбаев және Ырсымбетов көшелерінде оршата жөндеу жұмыстары басталды. Қала әкімі М.Әйтенов нысандарда болып, құрылыс қарқынын тексерді.

Жобаға сәйкес асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 1,4 шақырымды құрайды. М. Дүйсенбекұлы жұмыстарды сапалы жүргізіп, өндірістік кестеге сай шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Мәселен, өткен 2022 жылы Б.Момышұлы көшесінің жалғасы 1,2,3,4, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын көшелері жөнделген. Биыл 15 көше жөнделеді деп күтілуде, сондықтан көрсеткіш 49 пайызды қамтиды.

Сонымен қатар биылғы жылы Яссауи көшесі жарықтандырылады. Сондай-ақ, 2024 жылы Сыздықов, Б.Момышұлы көшелері, 2025 жылы Б.Әлменов, Б.Саттарханов, Ж.Серікбаев, Ә.Тәжібаев көшесі жарықтандырылмақ.

Жалпы Самал-3 шағын ауданы 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған.
Төменде 2023 жылы Самал-3 шағын ауданында жөнделетін көшелер тізімі:

1.Ұлы дала көшесі
2. Юсупов көшесі
3.Алпамыс көшесі
4. Ерназаров көшесі
5. Манас көшесі
6. Алмалы бақ көшесі
7. Қазақ ордасы көшесі
8. Мәңгілік ел көшесі
9. Тыңдала көшесі
10. Қобыланды көшесі
11. Самал жел көшесі
12. Құс жолы көшесі
13. Бесқарағай көшесі
14. Келес көшесі көшесі
15. Тамшыбұлақ көшесі

Жалпы, қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып жақсы және қанағаттанарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға іс-шара жоспары бекітілген. Бұл жұмыстар аталған жоспар аясында іске асырылуда.

Аталған аумақтағы 11 көшенің 6-ы асфальттелген болса, 5-не шағал тас төселген. Келесі жылы елдімекендегі Жастар, Бердібай, Өтебаев көшелерін асфальттеу жоспарлануда. Осылайша 2024 жылы тұрғын алаптың жол мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады.
Бас жоспарға сәйкес, қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне басымдық берілген.

Алдыңғы пост
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі Шымкент қаласында ынтымақтастық орнатуға дайын
Келесі пост
Депутаттар Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің қызметімен танысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu