Еліміз Иранға мұздатылған ет экспорттамақ

163

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Тегеранда министрдің орынбасары және Иранның ветеринарлық ұйымының басшысы Моджтаба Норузи мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин қол қойды.

Мұндағы мақсат, мал шаруашылығының мұздатылған етін жеткізуге жол ашу.

Бұл құжатта мынадай талаптар қарастырылған деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

1.Қазақстандық мұздатылған сиыр етінің сүйексіз импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар.

Иран тарапы Қазақстаннан мұздатылған сүйексіз сиыр етінің импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды ұсынады. Ветеринариялық-санитариялық талаптарды келіскеннен кейін Қазақстаннан Иранға мұздатылған сүйексіз сиыр етінің экспортын ашу үшін Иран ветеринариялық ұйымының басшылары мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы арасында ветеринариялық сертификаттарды келіседі және келісімге қол қояды.

2.Ирандық сүт компанияларын Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағына және Қазақстан Республикасына импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне енгізу туралы.

Қазақстандық тарап ЕАЭО және Қазақстан Республикасы инспекторларының, Иранның ветеринариялық қызметінің және Иранның сүт кәсіпорындарының қатысуымен аудит және бірлескен инспекция өткізілгеннен кейін, ЕАЭО аумағына және Қазақстан Республикасына сүт өнімдерін импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне Иран сүт кәсіпорындарын қосу туралы ынтымақтасуға дайын.

3.Вакуумдық қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттар

Қазақстан тарапының вакуумды қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзімін 3 күннен 16 күнге дейін ұлғайту өтініші бойынша Иран тарапы Қазақстаннан жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттарды сұрады. Иранның ветеринарлық ұйымы импорт және экспорт бойынша техникалық комитетте ұсынылған құжаттарды қарайды.

Алдыңғы пост
34 жастағы жігіт төртінші қабаттан құлап кетті
Келесі пост
Астанада 5 пациентке роботпен тізе ауыстыру бойынша күрделі операция жасалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu