Шымкенттік оқушы халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді

478

Шымкенттік оқушы халықаралық жарыстан жеңіспен оралды. Маусым айының 3-4 аралығында Ташкентте өткен халықаралық “ZHULDYZ ART KAZAKHSTAH”

конкурс-фестивалінде қаламыздағы N 90 Дарынды балаларға арналған  мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқышысы Ханша-Айым Арманқызы бас жүлдені иеленді.

5-сынып оқушысы Ханша-Айым өзінің жас ерекшелігінде вокал бағыты бойынша топ жарды. Түрлі елдің намысын қорғаған

800- ден аса өнерлі бала  бақ сынасқан байқау тартысты өтті.

Бас жүлдегер түрлі тақырыптағы әндерді әуелете орындап, талайды таңдай қақтырды.

Сарапшылар кішкентай өнерпаздың сахнада өзін-өзі ұстауына, дауыс ырғағына, сезімталдығына жоғары баға берді. Осылайша Ханша-Айым Арманқызы тек өзі білім алатын мектебінің ғана емес, халықаралық шарада мегаполистің абыройын да асқақтатты.

Жеңімпаздың ұстазы аталған мектептің музыка пәнінің мұғалімі, вокал үйірмесінің жетекшісі Роза Амрина – Құрмет белгісі орденінің иегері, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Сондай -ақ Еңбек ардагері төсбелгісімен, ҚР  Президентінің Алғыс хатымен,  Ұлағатты ұстаз төсбелгісімен марапатталған.

Шәкірттері бүгінде АҚШ, Германия, Чехия, Болгария, Греция, Түркия, Ресей, Өзбекстан республикаларында өткен вокал байқауларының жеңімпаздары.

Бқдан бөлек, шымкенттік оқушылар, оқушылар Халықаралық IT-стартаптар технопаркі ұйымдастырған Demo Day алаңында да жеңімпаз атанды. Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектепте «Caspian Startup-2022» халықаралық стартаптар байқауы өткізілді. 2022 жылы дәстүрлі байқауға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстаннан 120-дан астам жоба келіп түскен. Олардың барлығы табысты стартаптарды құру және ілгерілетуге, сондай-ақ стартап мәдениетін қалыптастыруға, инвесторлар тартуға, зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған. Сондай-ақ бұл жылы алғаш рет «Caspian Startup-2022» байқауымен қатар, Зияткерлік мектептер мен Халықаралық IT-стартаптар технопаркі ұйымдастырған жаңа жобасының қатысушыларын біріктіретін Demo Day шарасы өтті. Одан алдын үш ай бойы NIS оқушылары Astana HUB-та онлайн оқудан өтіп, тәлімгерлермен бірлесіп өз жобаларын әзірлеген болатын.

Ал, жалпы алғанда биылғы оқу жылында Шымкенттік өрендер 600-ден астам халықаралық және республикалық деңгейдегі сайыстарда топ жарды.

Алдыңғы пост
Шымкентте алғаш рет “Shymkent Fest” жобасы басталды
Келесі пост
Әуезов университеті Сиань университетімен ынтымақтақтастық орнатты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu