Антикор Шымкенттегі білім саласының жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде

198

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, жоспарланған жұмыс шеңберінде бюджеттеудің проблемалық мәселелері және оны игерудің ашықтығы зерделенетін болады.

Бұл туралы жұмыс тобымен кездесуде қалалық антикор басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев айтты.

Талдау қорытындысы бойынша педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге, мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға және балаларды тамақтандыруға, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге, жан басына шаққандағы қаржыландыруға қатысты бірқатар ұсыныстар берілетін болады.

Департаменттегілер тұрғындардан білім саласы бойынша толғандыратын мәселелерді ведомствоның taldau2023.2024@gmail.com  электрондық поштасына немесе +7 747 741 76 28 WhatsApp нөміріне жолдауларын сұрайды.

Алдыңғы пост
Қазақстан Еуропа елдеріне қарағанда суды 3 есе көп жұмсайды
Келесі пост
Халыққа қызмет көрсету орталықтары алдағы мереке күндері жұмыс істемейді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu