Әуезов университеті Сиань университетімен ынтымақтақтастық орнатты

395

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басшылығы халықаралық байланыстырды нығайту мақсатында Сиань халықаралық зерттеулер университінің өкілдерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында студенттердің академиялық ұтқырлық аясында білім алуы, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуі, оқытушылармен алмасуы, бірлескен зерттеулер жүргізу және оқу орнының халықаралық бастамаларға қатысуы бағытындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктері талқыланды.

Бұл ынтымақтастық студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, профессор оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлерінің үлкен мүмкіндіктеріне жол ашады.

Сонымен қатар, Әуезов университеті Қытай сапарының аясында Сиань медицина университетінің жұмысымен танысты.

Айта кетейік, 2023 жылғы 4-7 шілде күндері Шымкент қаласының өкілдері Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іскерлік кездесулер өткізуде.  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов бастаған делегация құрамында баақарма басшылары, аудан әкімдері және қалалық маслихат депутаттары мен білім беру және бизнес өкілдері бар.

Іс-сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған өзара серіктестік орнату туралы меморандумға сәйкес тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірбие алмасу.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған «өзара серіктестік орнату» туралы меморандумға сәйкес, Партком партия комитетінің төрағасы Фан Хонвэмен және партия өкілдерімен кездесті.

Кездесуде екі қала арасындағы жоспарлар мен мүмкіншіліктер жайы талқыланып, алдағы уақытта Шымкент – Сиань әуе рейсін ашу мәселесі қаралды. ала әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы  арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылаған болатын. Былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 млн.АҚШ долларына жеткен. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала  арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуда әлеуеті зор.

Алдыңғы пост
Шымкенттік оқушы халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді
Келесі пост
Сарыағашта 5 жасар қыздың денесі табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu