Қазақстандықтар «ҚазМұнайГаз» акцияларының 5 пайызын сатып ала алады

197

Қазақстандықтар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның IPO-ға шығарылған 5% акциясын сатып ала алады, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев брифингте, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» қоры.

Сондай-ақ спикер орналастыру туралы толық ақпарат қор мен ҚМГ сайттарында 9 қарашада қазақ және орыс тілдерінде жарияланатын атап өтті. Сондай-ақ ол «ҚазМұнайГаз» IPO-ның негізгі параметрлеріне тоқталды.

«Ұсыныс аясында «ҚМГ» АҚ шығарылған және орналастырылған акцияларының 90,42%-ына иелік ететін «Самұрық-Қазына» қоры 30 505 974-ке дейінгі жай акцияларды сатуға ұсынбақ, бұл шығарылған акциялардың жалпы санынан 5%-ға дейін.

Осылайша, ұсыныс жасалғаннан кейін «Самұрық-Қазына» қоры ҚМГ акцияларының кемінде 85%-ына ие болады.Ұсыныс бойынша бір жай акцияның бағасы шамамен 5,1 трлн теңге капитал құнын есептегенде 8 406 теңгені құрайды, – деп қосты Сәтқалиев.

Инвесторлардың өтінімдері 2022 жылдың 9 қарашасында басталып, институционалдық инвесторлар үшін осы жылдың 30 қарашасында, ал бөлшек инвесторлар үшін 2022 жылдың 2 желтоқсанында аяқталады. Кітаптарды жабу кезінде бөлшек инвесторларға – Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі, осылайша халықтық IPO форматы қамтамасыз етіледі, делінген хабарламада.

Алдыңғы пост
Мемлекеттік тілді білу Қазақстан азаматтығын алудың маңызды өлшеміне айналады
Келесі пост
Қазақстанның шалғай елдімекендерінің 80 000 астам тұрғынына тегін медициналық көмек көрсетілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu