291
Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Соның салдарынан жолаушылар пойызы кешігіп жатыр.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 шілде сағат 01.29-да Шу ауданында Аспара станциясында вагондар рельстен шығып кеткен.
«Тараз – Шу» бағытындағы жүк пойыздарының вагондары рельстен шығып кетуіне байланысты жолаушылар пойызы тоқтатылды. Осыған байланысты Жамбыл облыстық ТЖД азаматтарды психологиялық қолдау үшін «жедел желі» ашты. Жедел желі телефондары – 8(726 )51-35-75, 8(726) 41-41-67», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.