Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істеп жүргені белгілі болды

180

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел аумағында нәпақа тауып жүрген шетелдіктердің саны туралы мәліметті ұсынды. 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 417 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 584 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 028 рұқсат (екінші санат). Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 302 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 437 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 693 жұмыс беруші бар. Оларда 407,9 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 262 адам (37,3%); тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 441 адам (10%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 143 адам (8%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7% ); өңдеу өнеркәсібі –  883 адам (7%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 493  адам (25%), Түркия – 1 523 адам (11%), Үндістан – 1 722 адам (12%), Өзбекстан – 1461 адам (9,3%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Алдыңғы пост
Халыққа қызмет көрсету орталықтары алдағы мереке күндері жұмыс істемейді
Келесі пост
Әскерден сарбаздар Шымкентке оралады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu