Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталған болатын. Яғни, адам денсаулығының басты орында екеніне ерекше назар аударып, нақты тапсырмаларда берген болатын.
«Ең алдымен, өңірге медицина мамандарын тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу керек. Жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыру маңызды», деді Президент.
Осыған орай, Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты №5 қалалық емхана ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. 1984 жылы қолданысқа берілген емхананың алдағы уақытта инженерлік желілері түгел ауыстырылады. Сондай-ақ, сыртқы қасбеті жаңартылады.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов шілде айының 1-інен басталған емхана құрылысы жұмыстарының жай-күйімен танысты. Төрт айға созылатын жөндеу жұмыстары бірінші кезекте сапа жағына мән берілу керек.
Амбулаториялық емханалық көмек көрсететін мекеме қазіргі уақытта 58 мыңнан астам тіркелуші тұрғынға медициналық қызмет ұсынып отыр. Сондай-ақ, мұнда 500-ден аса медицина персоналы қызмет етеді.
Қаламыздағы қырық жылдық тарихы бар емхананың күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады.
Бұдан бөлек, Президент денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрімектерге де ерекше тоқталған болатын. Яғни, Республикада Қазақстан аумағында бірегей шетелдік препараттарды шығаруды локализациялау есебінен дәрі-дәрмекті келісімшарттық өндіру тетігі белсенді түрде енгізіледі. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының фармацевтикалық нарықтағы отандық өндіріс үлесін 50%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылға қарай AstraZeneca-мен Қазақстанға инвестициялар салу, технологиялар трансферті және жаңа зерттемелер туралы негіздемелік келісімге қол қойылады. Жалпы, елімізде қабылданып жатқан барлық шаралардың нәтижесінде сұранысқа ие дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар өндірісі ұлғаяды, ал оларды тіркеу, сараптамадан өткізу және баға белгілеу анағұрлым ашық болады.
Сонымен қатар, Президент, Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырыла бастайды, оның шеңберінде диагностикалық жабдықты жаңғырту, ядролық медицина орталықтарын (ПЭТ/КТ диагностикасы) ұйымдастыру, молекулалық-генетикалық тестілеуді кеңейту, КТ және МРТ балалар стационарларын қосымша жарақтандыру, шағын инвазивті хирургияны және интервенциялық емдеу әдістерін дамыту, ісікке қарсы жаңа заманауи онкологиялық орталықтар құру, арнайы мекемелердің төсек-орын қорын ұлғайту, 17 желілік үдеткіш сатып алу және т. б. қадамдар көзделген. Биыл медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі іске қосылады. Бұл науқастарды қорғауды қамтамасыз етуге, медициналық мамандықтың беделі мен абыройын арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақты денсаулық сақтау саласына тартуға мүмкіндік береді,-деді.