Әл фараби ауданында 800-ден аса көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған

196

Әл-Фараби ауданы аумағында 926 көп қабатты тұрғын үй бар.  Оның ішінде 857 көп қабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Аталған көп қабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша Қуатжылуорталық-3 мекемесімен  бірлесе 2023-2024ж.ж арнайы іс-шара жоспары бекітілді.

Аталған іс-шараға сайкес, аппарат қызметкерлері аудан тұрғындарына жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын алдын ала жүргізіп, тиісті мекемемен келісім-шартқа тұру маңызды екені ескертілуде.

Ал жалпы алғанда, бұған дейін  Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері Шымкент қаласында ішкі инженерлік құбырлардың дені 20 жылдан бері ауыстырылмай, әбден ескіргенін жеткізген болатын.  Осыған байланысты биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мамандардың сөзіне сенсек, турбогенератордың бірі жаңғыртылып, үш бірдей жылу қазандығын жөндеуден өткізу жоспарланған. Өйткені стратегиялық маңызы бар нысандағы жабдықтардың 60 % тозған. Бұл жұмыстарға инвестор есебінен 1 миллиард 766 миллион теңге қаражат бөлінді дейді жауаптылар.

Қайрош Оңғарбаев, энергоорталықтың бас директоры:

– Дер кезінде ақша салынбағандықтан көп нәрсенің тозығы жеткен болатын. Қазір жылдан-жылға инвестиция құйып, бәрін ретке келтіріп жатырмыз. Биылғы алға қойған жоспарымыз бойынша жұмыстарды бітіретін болсақ оны тағы 10% қысқартамыз тозуын,-дейді.

Айта кету керек, Шымкент қаласында жылу жүйесінің жалпы ұзындығы 823 шақырымды құрайды. Оның 152 шақырым магистральдық жылу желісі болса, 672 шақырымға жуығы ішкі орам жылу желісі. Сонымен қатар, «Қуатжылуорталық-3» кәсіпорынның жылу желілерінде 23 бірлік қазандық пен 17 бірлік сорғы станциясы орналасқан. Өткен 2022 жылы Шымкент қаласында жылу жүйелерінің 50 учаскісінде ішкі орамдық ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді Бұл жылу желісінің тозуын 38,2 пайыздан 37,3 пайызға дейін төмендетуге, сондай-ақ, тұтынушыларға берілетін жылу энергиясының сапасын арттыруға мүмкіндік берді, – дейді мамандар. Ал, 2021 жылы жылуқуаторталығында 5 жылға 82 млн-ға жуық теңгеге инвестициялық бағдарлама түзілген еді. 2022 жылы оның 16 млн-ына жылу жүйелерін қайта құру үшін құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Алдыңғы пост
58 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана күрделі жөндеуден өтуде
Келесі пост
Қазақстандағы халық саны 20 млн-ға жақын қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu