М.Әйтенов: “алаңшалар орнатуда жергілікті тұрғындардың ұсыныстары ескерілуі керек”

279

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаладағы аудан әкімдіктерімен «Халық қатысатын бюджет» жобасы қолға алынған болатын. Жалпы, абаттандыру, ойын алаңшаларын салу жұмыстары 2021 жылдан бері тұрғындардың ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.

Жобаның талаптарына сәйкес, екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі тарапынан құрылған Сараптамалық кеңеске ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінде Нұрсәт шағынауданында 105, 106, 107, 108 көпқабатты үйлер ауласы абаттандырылып, көгалдандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі М. Әйтенов жауаптылармен бірге абаттандырылып жатқан аулаларды аралап, жұмыстардың барысын пысықтады.

Биыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта жыл соңына дейін 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Алаңшалар Тұран,  Нұртас, Таскен және Өтеміс тұрғын алаптары мен елдімекендерінде салынады. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жөндеу жүргізіліп, балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылатын болады.

М. Дүйсенбекұлы мердігерлерге ең алдымен балалар қауіпсіздігін ескеріп, тұрғындарды жайлылығы үшін құрылысты тиісті талаптарға  сай жүргізуде тапсырды. Алаңшаларды орнатуда жергілікті тұрғындардың да ұсыныстарын ескере отырып, нысандарды өндірістік кестеге сай қолданысқа беруді ескертті.

Бұдан бөлек, биыл Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көп қабатты тұрғын үйлердің 35 үй ауласы абаттандырылып, 25 ойын алаңшасы орнатылады. Ал былтыр осы ауданда  «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып тұрғындар игілігіне берілген болатын.

Соынмен қатар аталмыш бағдарлама аясында Шымкент қаласы Тұран ауданында 10 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта Тұран ауданында барлығы 296 балалар ойын алаңшасы бар. Ал, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 10 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған.

Алдыңғы пост
Индустриалды аймақтар сапалы инфрақұрылыммен қамтылуда
Келесі пост
Түркістанда департамент басшысы қамауға алынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu