Қысқа дайындық: тазалық жұмыстарына қосымша арнайы техникалар алынады

206

Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында мегаполис аумағын қардан тазалау жұмыстары талқыланып, дайындық барысы пысықталды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан маусымдық жұмыстардың кешенді жоспары таныстырылды.

Бүгінде жекеменшік әріптестерде қысқы маусымда қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылатын 126 арнайы техника сақадай сай тұр. Онымен қоса жеке кәсіпкерлердің 30-ға жуық техникасын пайдалану  бойынша келісім шарт түзілген. Өткен жылмен салыстырғанда техника саны 87 данаға артып отыр.

Қазан айында қосымша техникалар сатып алу жоспарлануда. Жалпы, қар күреу жұмыстарына, инертті материалдар мен қарды тасымалдауға тиісті қаражат қаралған. Қардан тазарту жұмыстары әр ауданда 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға тазалық жұмыстарының кестесін талапқа сай пысықтауды және арнайы техникалардың қажіттіліктерін нақты анықтауды тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жіберілген кемшіліктерді зерделей отырып,  өзекті мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар, қала әкімі жылу маусымына дайындықты қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырған болатын. Қала аумағындағы 2023-2024 жылдарға жылу маусымына дайындық жұмыстарына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелердің дайындықтары пысықталып, өзекті мәселелер талқыланды.

Қазір мониторинг кезінде анықталған  ескірген жүйелерді қалпына келтіру үшін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ магистралды жылу құбырларын қайта құру бойынша биыл екі жоба жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар Гагарин, Абай, Громов, Гоголь, Адырбеков көшелерінде,  Нұрсәт тұрғын алабында жүргізілетін болады.

“Жылудың сапалы болуы қазіргі дайындық жұмыстарына тікелей байланысты. Сондықтан іс шара жоспарындағы міндеттемелердің мерзімінде, талапқа сай орындалуын назарға алыңыздар. Сығымдау жұмыстарын шілдеде, жалпы, жылыту маусымына дайындықты қыркүйекке дейін толық аяқтаңыздар”- деді қала әкімі.

Сондай-ақ М. Дүйсенбекұлы тиісті сала басшыларына жылу қазандықтарының, сорғы стансаларының дайындығын қадағалап, бюджеттік нысандардың қатты, сұйық отынға қажеттілігін нақтылауды тапсырды. Бұл кешенді шаралар қаладағы қолданыстағы жүйелерді  жаңартып,  жылу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост
Қала әкімі жауаптыларға тұрғындардың талап-тілегін тез арада шешуді тапсырды
Келесі пост
Штаб отырысында 8 жоба мақұлданды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu