297
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкерлері жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан 2 азаматтың әрекетін әшкереледі. Олар нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерін көрсетпей, тауарларды жөнелтпестен осындай қылмыспен айналысқан.
Атап айтқанда, 2 азамат 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейінгі аралықта жалпы айналымы 2,1 млрд теңгеден асқан 6 компания құрған. Соның салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 700 млн теңгеге жуық қаржы түспей қалған.
Сот үкімімен олар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.