Пойыздардағы апаттарды фото мен видеоға түсіруге болмайды деген шектеудің күші жойылды

Теги:
145

Көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ басшылығының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото- және бейнетіркеуге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жоюға қол жеткізді.

Веломствоның мәліметінше, бұл тапсырма Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 2-тармағына қайшы келеді. Соңғыға сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.

Мұндай шектеу ең алдымен теміржол жолдарындағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатқан. Сонымен қатар әртүрлі оқиғаларды жасыруға жағдай жасап, бұл жалпы осы саладағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін еді.
Бүгінгі таңда прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылды.

Алдыңғы пост
Шымкентте жалған шот-фактураларды берумен айналысқандар сотталды
Келесі пост
Түркістан тұрғыны өз үйінде 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ беріп келген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu